jasqazaq.kz

Семейде нөсер дауылға ұласып, аурухананың шатыры қирады (видео)

21 шiлде 2020, 21:47

Семейде нөсер жаңбыр мен бұршақтың соңы дауылға ұласып, жұртты әуре- сарсаңға салды. 20 минут жауған жауын бірқатар көшені суға толтырып, көлік қозғалысы қиындаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жаңбыр суының тереңдігі кей жерлерде шамамен 40 сантиметрге жеткен. Ал аспалы көпірдің төңірегіндегі арық жүйелері жиналған суды ағызып үлгере алмады. Соның салдарынан ондаған көлік көлшікке батып, жолда қалған. Тіпті кейбір көшелерде жаяу жүргіншілердің жүріп өтуі қиынға соқты. Қазір қаланың коммуналдық қызметінің арнайы сусорғыш техникалары селмен күресуде. Ал жаңбырдан кейінгі дауылға көшедегі талдар шыдас бермеген.

Думан Икенов, Семей қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:

-Осы ауа райының құбылуынан Семейдің кейбір көшелерін су басты. Лесная, Засядка көшелерінің бойында талдардың құлағаны туралы оқиға тіркелді. Және де қаладағы №2 қалалық аурухананың шатыры ұшқаны туралы ақпарат келіп түсті.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде