jasqazaq.kz

Семейде көпқабатты үй өртенді (Видео)

14 маусым 2022, 13:54

Семейде көпқабатты үйдегі өрт кезінде 50 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 16 бала бар, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының Физкультура көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Алтыншы қабатта пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.

“Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туылған екі баланы қатты түтінделген тұрғын үй-жайдан құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, оларды медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 34 тұрғын, оның 14 – і-балалар өрт сөндірушілермен баспалдақ маршы арқылы құтқарылды. 1980 жылы туған, балаларына көмектесуге тырысқан пәтер иесі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде