jasqazaq.kz

Семейде көпір үстінде кері қарай жүрген той кортежі желіні шулатты (видео)

12 қараша 2019, 14:19

Пост авторының айтуынша, жүргізуші автокөлікті кері жүргізгені үшін және мемлекеттік нөмір тақпағаны үшін жауапқа тартылады.
Семейде той кортежінің жүргізушісі өзіне көпшіліктің назарын аудару үшін көпір үстінде артқа қарай жүрген. Оқиғаның куәгерлері тәртіп бұзушыны видеоға түсіріп, желіге жариялады.
Бейнеролик Instagram-дағы oo_osa_semey_vko қоғамдық парақшасында пайда болды.
Кадрларда той кортежіндегі қымбат автокөліктің көпір үстінде кері қарай жүріп бара жатқаны көрінеді.
Видеоның жазбасында жол ережесін бұзған жүргізушінің жауапқа тартылғаны, оның атына 2 әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылады.
Пост авторының айтуынша, жүргізуші автокөлікті артпен жүргізгені үшін және мемлекеттік нөмір тақпағаны үшін жауапқа тартылады. Желі қолданушылары көлік жүргізушісінің әрекетін теріс бағалап, көптеген жағымсыз пікір қалдырды.
«Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру керек», «Шектен шыққан, бұлай істеуге болмайды, жамандық жазалануы тиіс», – деп жазды олар.

https://www.instagram.com/p/B4t5fhsB-Xp/

NUR.KZ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда