jasqazaq.kz

Семейде көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартты

04 желтоқсан 2019, 12:41


Семейде көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартып, қаладан 30 шақырым қашықтағы Чекоман ауылына көшіп барды.
Жүнісовтер отбасында алты бала бар. Үлкені – 14, ал кішісі бір жастан асқан. Бұл отбасына әлдебір кәсіпкер (атын атамауды өтінген) аталмыш ауылдан ауласы кең, қора-жайы түгел салынған үй алып берген.

Отанасы Марал Жүнісова жуықта «Бастау бизнес» жобасымен грант ұтып алған. Оған әзірге 20 тауық сатып алды. Енді сиыр әкелмек.

Қалада үйден-үйге көшіп жүрдік. Көп баламен қайбір жақсы үйлерді жалдап тұрды дейсіз. Бірінен бірі өтеді. Бала-шаға көп екен деп, ешкім жақсы үйіне кіргізбейді. Күйеуімнің бір өзі тапқан қаражаты жеткіліксіз. Ал үй кезегінде 8 жыл тұрдық. Сондықтан да ауылды жерге барып кәсіп бастауды ұйғардық. Бақшаға көкөніс егіп, сүт өнімдерін сатып дегендей де, тамағымызды айыруға болады ғой, — дейді Марал Жүнісова.
Жуықта, нақтырақ айтқанда 1 желтоқсан күні Жүнісовтер отбасынының жаңа қонысына Семей әкімі Ермак Сәлімов бас сұғып қайтты. Мемлекет тарапынан оларға қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

 BAQ.KZ

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда