jasqazaq.kz

Семейде көпбалалы ана баспаналы болды

03 мамыр 2018, 17:08

Семейде көпбалалы анаға 3 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді.

29 жастағы Тоғжан Нұржанқызы 6 баланың анасы. Бұған дейін ол балаларымен апатты жағдайдағы жалдамалы үйде тұрған. Сондықтан жергілікті мешіт имамдарынан көмек сұраған екен. Ал көпбалалы отбасыға Алматыдағы «Харакет» қайырымдылық қоры көмек қолын созды. Осылайша, бірнеше жылдан бері баспаналы болуды аңсаған ананың арманы орындалды. Тоғжанның балаларының үлкені 9 жаста болса, кішкентайы 1-ден асқан. Осы уақытқа дейін ол балаларына берілген жәрдемақыға күн көріп келген. «Жағдайымды көріп, түсініп көмек жасағандарына үлкен алғыс білдіремін. ҚазАқпарат хабарлағандай, осы уақытқа дейін маған көмектескен жандар көп. Солардың арқасында осы күнге жеттім. Қазіргі заманда 6 баламен пәтер табуда қиын. Өйткені көп жер кіргізбейді. Ақшаны төлемей кетеді деп қорқады. Бірақ мен пәтер жалдап тұрған кездерімде ақша төлемей, қашып кеткен кездерім болмады», — дейді көпбалалы ана. Айта кетерлігі, «Харакет» қайырымдылық қоры құрылған 8 айдың ішінде елімізде сегіз баспанасыздың мәселесін шешіп берді. Қордың мақсаты — халықтың демеуімен мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін алып беруге, үй салуына көмектесу.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық