jasqazaq.kz

Семейде болашақ дәрігерлер хакер болып шықты

03 маусым 2021, 22:28

Семейде болашақ дәрігерлер хакер болып шықты.Медицина университетінің III курс студенттері тест жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзып, дұрыс жауаптарды ұрлаған. Тіпті қолға түскен сұрақ-жауаптарды өзгелерге сатып пайда тауыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қазір университеттің ақпараттық базасын бұзды деген күдікке 7 студент ілікті. Олар оқу орнының қабырғасында жалпы медицина мамандығы бойынша білім алуда. Үшінші курс студенттері жазғы сынақтан сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзған. Дұрыс жауаптарды қолға түсіріп, жоғары бағаға тапсырған. Бәрінің бірдей бес алуы ұстаздардың күдігін тудырған. Тексере келе құпия базаның бұзылғаны анықталды. Бүгінде күдікке ілінген студенттердің кейбіреуі кінәсін мойындады. Олармен бірге оқитын үшінші курс студенттері сынақты екінші рет тапсыруға міндеттелді. Хакерлік шабуылға ұшыраған ақпараттық жүйе қалыпына келтіріліп, полиция қазір тексеріс жүргізуде.

Ғалымжан Исимбеков, Семей медицина университетінің өкілі:

— Сессияның нәтижесін жойдық. Студенттер жазғы сессияны қайта тапсырады. Құжаттарды ПБ жібердік.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде