jasqazaq.kz

Семейде әжесі немересін полицияға өз қолымен тапсырған

03 қараша 2021, 10:28

Семей қаласының 65 жастағы тұрғыны немересін полицияға тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі деректері бойынша немересінің есірткі заттарын сақтағаны анықталған.

«Биыл 19 қазанда Семей қаласының полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне 65 жастағы зейнеткер жүгінді, ол 18 жастағы немересінің денсаулығы үшін алаңдап, оның пәтерінде сақтаған есірткі заттарын өз бетінше беріп жіберген», – деп хабарлады полицияда.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1,92 грамм кептірілген марихуана алынаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігінің санкциясы 466 720 теңгеге дейінгі (160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) мөлшерде айыппұл төлеуді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық