jasqazaq.kz

Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты (видео)

10 тамыз 2020, 21:25

Семейде автобус жүргізушілері жалақы төленбегендіктен жұмысқа шығудан бас тартты.

«Бүгін сағат 6.30-да SEMEY BUS ЖШС-ға тиесілі 104 рейстің көлігі шығу керек еді. Алайда автобус паркінің жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартқаны белгілі болды», — деді Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Оның айтуынша, жүргізушілер шілде айының жалақысын толық төлеуді талап еткен. Карантин шараларына байланысты олардың айлығы жұмыс сағаттарын қысқарту түрінде төмендетілген. Олар бұған келіспей, толық төлеуді талап еткен.

Кондуктордың көбі электрон төлем жүйесі енгізілгеннен кейін қысқартылған. Бірақ кейде жүргізушілер кондуктордың жұмысын атқарады. Олар сол үшін қосымша ақы талап етті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Праздник к нам приходит!!!

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)

Жұманов SEMEY BUS ЖШС басшылығымен кездескенін және келісімге келгені туралы айтты.

«Жақын арада бар мәселе шешіледі. Жалақы, медициналық сақтандыру сұрақтары. Автопарк басшылығы мұның бәрін назарға алды. Олармен сөйлестік. Автопарк басшылығы мәселелерді шешу үшін 10 күн уақыт беруді сұрады», — деп қосты шенеунік.

Оның айтуынша, қоғамдық көлік қайта жүре бастаған.

«30 автобус жолға шықты. Әр сағат сайын автобустар қосылып жатыр», — деді ол.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия