jasqazaq.kz

Семейде автобус ішінде Құрманғазы күйі күмбірледі

02 шiлде 2019, 15:30

Семейде домбыра күні мерекесі қарсаңында ерекше флешмоб өтті.

ҚазАқпарат  жазғандай,  Семейде Ф. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражай қызметкерлері мен татар өнер мектебінің ұйымдастыруымен Домбыра күніне орай арнайы акция өтті. Шара барысында өнерпаздар қала ішінде қатынайтын автобустаға мініп, Құрманғазының күйлерімен жолаушылардың көңілін көтерген.
«Акция аясында жолаушыларға XVIII -ХХ ғасырдағы күйшілер туралы викториналық сұрақтар қойып, жеңімпаздарға отбасыларымен мұражайға билет табыстадық. Тарихқа көз жүгіртсек, Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский арасында қазақ өнеріне деген ортақ жанашырлық болған. Достоевский атындағы музейдің бұл шараға мұрындық болуы — сол сабақтастықтың жалғасындай», — деді музейдің бөлім меңгерушісі Салтанат Нұрлыбекқызы. Жастардың игі бастамасын іліп әкетіп, қолға домбыра алып, көпшілікке күй орындап берген жандар да табылды. «Бүгін, міне, автобуста домбыраның үнін өз құлағымызбен есту мәребесіне ие болдық . Осындай шаралар атаулы күндерден басқа кезде де өткізіліп тұрса деген ниеттеміз. Барша ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», — дейді қала тұрғыны Назым Келербекова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда