jasqazaq.kz

Семейде алаяқтар 140-тан астам адамды алдап соқан

10 наурыз 2021, 21:21

Семей қаласында алаяқтар 143 адамды тұзаққа түсірген.

ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев онлайн форматта өткізілген есеп беру кездесуі барысында өңірдегі алаяқтық фактілерінің 20,5%-ға көбейгендігін айтты. «Карантин кезінде тауарларды интернет арқылы сату және сатып алу күрт өсті. Осыны пайдаланған алаяқтар жымысқы ойларын жүзеге асыруда. Өткен жылы зардап шегушілер саны 2,5 есеге өскен. Сондай-ақ әрбір интернет алаяқтықтың екіншісі облыстан (492 факті) және республикадан тыс жерлерде (246) жасалған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 146 интернет алаяқтық әшкереленді», — деді ол.

ШҚО бас полицейі аймақ тұрғындарын күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырды.

«Кейбір азаматтар оңай жолмен табыс табу үшін осындай ұсыныстарға келісіп, соңында алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Мысалы, Семей қаласында полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі. Олар ақшаны жоғары пайызбен қайтаруға болатындығын айтып 143 адамды алдап соққан. Осының салдарынан жәбірленушілерге 35,5 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жіберілді», — деді Сағат Мадиев.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия