jasqazaq.kz

Семейде ағылшын курсы кабинетінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

31 наурыз 2022, 12:01

Семей полицейлері ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыздың басында Семей қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған.

«Оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған полиэтилен қапшыққа оралған картон қорап табылды. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 11 келіден асады», — делінген хабарламада.

Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу») бойынша соталды тергеу басталған. Бұл баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде