jasqazaq.kz

Семейде 8 мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері беріледі

15 қараша 2018, 14:39

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды көптеген елеулі есімдермен қала мектептері аталып жатса, сол мектеп өзіне есімі берілген тұлғаның өмір тарихын зерттеп, әрбір оқушының парасатты болып өсуіне ықпал етпек. Бұл туралы altaynews.kz порталына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Семей қалалық білім бөлімінің мамандарының айтуынша, олар білім ошақтарын мәжбүрлеп көндіруден аулақ. Қоғамда ондай ой мүлде туындамауы тиіс. Себебі мектептерді бұғанағы әлі қалыптаспаған бастауыш сынып оқушылары, өтпелі кезең мезгіліндегі жасөсіпірмдер, бір сөзбен айтқанда әр түрлі жастағы балалар білім алып жатыр.

Білім бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай қала мектептерінің барлығына республикалық ономастикалық комиссияның ұсыныстарын жіберсе керек. Бірақ, бұрыннан белгілі бір тұлғаның есімі берілген мектептерді қайта ауыстырудың қажеті болмауы да мүмкін. Әр мектеп өз ұжымының және ата-аналарының таңдауымен ашық дауысқа салып, келісумен ғана белгілі бір тұлғаны таңдап алады. Мәселен, бұрындары тек сан ретімен ғана белгілі болған мектеп енді Бауыржан Момышұлы не Оралхан Бөкей есімдерімен аталса, сол тұлғаның Қазақ еліне деген сіңірген еңбегі, өмір жолына арналып, арнайы бұрыштар, сыныптар ашылуы мүмкін. Қалай дегенде де бұл мәселеде еркіндік және таңдау мүмкіндігі бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде