jasqazaq.kz

Семейде 6 адам қатты аязда үсіп қалды

06 қантар 2021, 17:13

Семей қаласында 6 адамды үсік шалды.

Қалалық жедел жәрдем станциясы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 5 қаңтарда аяқ-қолы үсіп қалған 6 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Оның көбі негізінен 3 және 4 қаңтарда зардап шеккенімен, дәрігерлерге тек кеше ғана қаралған.

«Бір азамат вагоннан жүк түсіріп жатқан кезде, ал енді бірі қолғап кимей сөмкесін көтеріп жүргенде қолдарын үсік шалды. Жалпы 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 4 қаңтары аралығында станцияға үсік шалған 17 адам жүгінді» дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, ШҚО ТЖД өңірде бірнеше күн бойы ауа температурасының күрт төмендейтіндігін ескерткен болатын.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия