jasqazaq.kz

Семейде 5 қабатты үй өртеніп, 1 адам мерт болды

08 ақпан 2019, 11:08

Семейде 5 қабатты тұрғын үй өртенді. Салдарынан 1 адам көз жұмып, 79 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт 8 ақпан күні сағат 01.43-те Селевин, 15 мекенжайында тіркелген. 79 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 20-сы бала. Ал 162 адам дер кезінде пәтерлерінен шығып үлгерген. Анықталғандай, өрт көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтаған құтқарушылар пәтерден ер адамның мүрдесін тапты. Қазір оның жеке тұлғасы анықталып жатыр. «Өрттің жалпы аумағы 20 шаршы метр. Салдарынан пәтердің есік-терезесі, жиһаз, тұрмыстық техника жанып кетті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған немесе өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Қазіргі уақытта қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың барлығы баспаналарына оралды»,-деді мемлекеттік өртке қарсы күрес басқармасының бастығы Ернар Жалелов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде