jasqazaq.kz

Семейде 17 жастағы студент жоғалып кетті

08 қыркүйек 2021, 12:41

Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 қыркүйек күні үйінен колледждегі оқуына шығып кеткен Сымбат Сабыров сол күйі қайтып оралмаған. «102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат 17 жастағы ағасының жоғалып кеткендігін жеткізді. Оның айтуынша, жасөспірім «Шығыс» саяжай қауымдастығындағы үйден сағат 13:00 шамасында шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Жоғалған күні Сымбат Сабыров ақ көйлек, қара шалбар мен қара туфли киген. Тәртіп сақшылары оның қайда екендігінен қандай да бір хабары бар азаматтардан «102» немесе 8-747-836-48-53, 8-778-124-89-19 нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде