jasqazaq.kz

Семейде 16 адамды алдаған алаяқ ұсталды

02 қыркүйек 2021, 13:53

Семей қаласында 16 адамды алдап соққан алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны Семейге келіп, кеңсе жалдаған. Сол жерде ол жұртшылыққа «Құрылыс материалдарын арзанға тауып, жеткізіп беремін» деп жарнама жасайды.

Бұған сенген кейбір азаматтар келісімшартқа отырып, сұраған ақшасын бере салған. Алайда алаяқ тауарды жеткізбей, хабар-ошарсыз кетті.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары оның басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», — деді Семей қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық