jasqazaq.kz

Семейде 10 жылға жуық жарық пен сусыз отырған тұрғындар бар

06 қыркүйек 2018, 8:47

Семейдегі Комсомол және Ұшақтар кентінің тұрғындары 10 жылға жуық уақыт үйлеріне жарық пен ауыз су тарта алмай келеді. Тұрғындармен жүздесуге арнайы барған қала әкімі Ермак Сәлімов аталған мәселені таяуда шешіп беруге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Ұшақтар кентіндегі 150-ден аса отбасы ауыз су мен жарыққа зәру. Тұрғындар жарықты жақын маңдағы тұрғынүй иелерінен сұрап, тартып алып отыр. Бұл заңсыз. Оның өзінде ток күшін көтермегендіктен жарық өшіп қалады екен. Ал тартылып тұрған желілер жерге жақын. Сондықтан мұндағы тұрғындардың арманы мемлекеттің электр қуаты желісіне қосылу. Ал ауыз суды тұрғындар тасып ішуге мәжбүр. Бұл жағдай — Комсомол кентінің тұрғындары үшін де басты мәселе. Ұзақ жылдар әкімдіктегілерден көмек сұрап келе жатқан тұрғындардың жағдайы жергілікті билік өкілдеріне таныс. Дегенмен, қаржы мәселесі қолбайлау болған екен. Кент тұрғындарымен кездескен қала әкімі мәселелерді жыл соңына дейін шешуге уәде етті. Жарық және су тарту үшін арнайы жобалық сметалық құжат дайын. Облыстық және қалалық бюджеттен 2 млрд 8 млн теңге қаржы бөлінген. Таяуда байқау арқылы жұмыстармен айналысатын мердігер мекеме анықталады. Жыл соңына дейін су мәселесі шешілмек. Ал жарық тарту жұмысы биыл басталады. Бірақ жұмыстар келер жылы аяқталады, деп уәде берді шаһар басшысы тұрғындар алдында. «Биыл байқау жариялап, тендер өткіземіз. Мердігер мекемені таңдағаннан кейін жұмысқа кірісеміз. Бірақ жарық мәселесі келесі жылы толық шешілетін болады. Ал су мәселесіне 10 күннің ішінде кірісеміз. Бұл жұмыстармен айналысатын мердігер дайын. Жыл соңына дейін», — деді қала басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде