jasqazaq.kz

Семей — Үржар бағытындағы ұшақ өртенді

30 мамыр 2020, 18:02

Үржар әуежайына келіп қонған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Бұл ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 15:31-де қонғаннан кейін «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағы тұтанды. Әуе кемесі Семей — Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы оқиға тергеуін бастады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия