
Семей тұрғынын үш оқушы тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Семей қаласы Орталық ПБ-ның 102 жедел арнасына 53 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Бейтаныс жігіт қала дүкендерінің бірінің жанында оның Samsung телефонын қолынан жұлып алып, қаша жөнелген. Келтірілген шығын 130 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 9-сыныпта оқитын үш оқушыны ұстаған. Күдіктілердің бірі анасының көзінше кінәсін мойындаған.
Ұрланған зат тәркіленді. Ұсталғандар кепілхат бойынша ата-аналарына берілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.