jasqazaq.kz

Семей тұрғыны тапшы дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқан

25 шiлде 2020, 12:14

Семей қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекті заңсыз әрі бағасын асырып сатумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында тапшы медициналық препараттарды заңсыз сату фактісін анықтады.

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатумен Семей қаласының тұрғыны айналысқан. Ол «Метрид», «Парацетамол» «Аспирин», «Эргоферон», «Новокаин», «Лидокаин» сияқты тапшы препараттарды көтеріңкі бағамен сатпақ болған.

Осы заңбұзушылық бойынша материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Дәрілік препараттарды жоғары бағамен заңсыз сату фактілері бойынша комитеттің — 8 (7172) 70-84-78 және департаменттің – 8 (7232) 24-06-05 сенім телефондарына хабарласуға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия