jasqazaq.kz

Семей тұрғыны бөгде адамның жоғалған құжаты арқылы несие алған

14 ақпан 2022, 13:17

Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіден құжат жоғалды деген хабарламаны көріп, сол құжаттағы деректерді пайдалана отырып несие рәсімдеген.

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Семей қаласының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желіден жоғалған жеке құжат туралы хабарламаны көріп, сол құжаттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шағын несие рәсімдеген. Ал құжаттың нағыз иесі өз атында несие барын білмеген. Қазіргі таңда осы секілді алаяқтыққа барған 350 айыпты ұсталып, іс қаралып жатыр. Алаяқтар 10 млн теңгеден астам шығын келтірді», — Рүстем Дүйсетаев министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, спикер Павлодар қаласының тұрғындары хабарландыру беру арқылы жоқ ауыл шаруашылығы техникасын сатқанын айтты.

«Осы ақпан айында Павлодар қаласында тағы бір интернет алаяқтық қылмысының беті ашылды. Қаланың 3 тұрғыны «OLX» интернет желісі арқылы ауыл шаруашылығы техникалары мен дәнді-дақылдар сатылады деп жалған хабарлама берген. Айыптылар ұсталып, олардан 20 ұялы телефон, 10 сим-карта, 7 банк картасы тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілердің өзге қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр», — дейді ол.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық