jasqazaq.kz

Семей тұрғыны 2 адамды өрттен құтқарып қалды

30 мамыр 2022, 12:48

Семей қаласында мектеп директорының орынбасары екі адамды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Достоевский көшесінде орналасқан дәмхананың ас бөлмесінде өрт шыққан. Қызыл жалын төбе жабынын, терезе және есік блоктарын, тұрмыстық техника мен жеке заттарды шарпыды. Өртті бірінші болып жақын жерде тұратын Дәурен Жанбаев байқаған. Бірден өрт сөндірушілерге хабар берген ол сол жерге барып, 1995 және 1985 жылы туған дәмхананың екі қызметкерін сыртқа алып шықты.

«Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығуына – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін. Дәуреннің батыл қимылының арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген ақпаратта. Бейбіт күннің батыры қала мектептерінің бірінде директордың орынбасары болып жұмыс істейді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр