jasqazaq.kz

«Семей орманы» резерватының қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

08 маусым 2021, 11:33

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Залал мөлшері анықталады», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі өкілі.

Хабарламада басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтыны көрсетілген. Түпкілікті үкімді сот шығарады.

«Семей орманы» резерваты көлемі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан 6,6 есе артық. Сонымен қатар, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты орманды қорғау мәселесі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі саналады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен мән-жайға талдау жүргізеді, оның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын нормативтік және ұйымдастыру жоспары әзірлененеді», — деді ведомство өкілі.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия