jasqazaq.kz

Семей маңын су басуы мүмкін: Жедел штаб құрылды

13 қантар 2020, 16:14

Ертіс өзенінің су деңейі көтеріліп келеді. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, Ертіс өзенінің бетінде мұздық тұтасып қату процесі байқалады. Ал ауа райының жылы болуына байланысты Семей қаласының маңында сең тұрып, өзендегі су деңгейі көтеріліп келеді. Су деңгейі бұдан ары көтеріле беретін болса Восточный, Мирный және Полковник аралы елді мекендері аумағындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. «Халықты қорғау шараларын жедел қабылдау мақсатында Семей қалалық ТЖБ «ІІМ ТЖК Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен бірге өзен жағалауына тұрақты мониторинг жүргіп, тәулік бойы бақылау бекеттерін орнатты. Семей қалалық полция басқармасының жеке құрамы аудандарды шолғындап жүр. Бұған қоса, қызметкерлер халыққа су басу қаупі бар екендігі туралы ескертіп, су тасыған жағдайдағы бастапқы әрекеттер жайында нұсқаулық жүргізуде. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-әрекетін үйлестіру үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды», — деп атап өтеді комитеттен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық