jasqazaq.kz

Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі

08 қараша 2019, 16:22

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада. Қаладағы № 49 мектеп те ақын атымен аталады. Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін. Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды. Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады. Қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға үлкен ескерткіш орнататын болады. Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды. № 2 орта мектеп — Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия — Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп — Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі — Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда