
Семей қаласының әкімдігі қала мәслихатымен бірлесіп «Семей қаласының елді-мекендерінің шекараларын (сызықтарын) белгілеу туралы» қаулы / шешім жобасын дайындады.
Қаланың шекаралары үш елді-мекеннің қосылуына байланысты кеңейеді. Атап айтқанда:
Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы, жалпы ауданы — 22 853,1 га;
Абыралы ауылдық округі, Абыралы ауылы, жалпы ауданы — 13 511,5 га;
Қараөлең ауылдық округі, Қайнар ауылы, жалпы ауданы — 23 017,27 га.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ жерді тіркеу құжаттамасына құжат бекітілгеннен кейін қажетті өзгерістер енгізеді.
Жоба 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.