
Рим қаласында Треви субұрқағының қасына селфиге түсу үшін арулар шаш жұлысып, төбелесіп қалған.
NUR.KZ. жазғандай, аталған оқиғаның видеосы Youtube желісіне салынып, төрт күнде 150 мың қаралым жинаған.
Мәлімет бойынша, төбелес ұйымдастырғандар 19 жастағы голландиялық қыз бен 44 жастағы итало-америкалық әйел болып шыққан. Олар суретке түсетін орынға таласып, бір-бірінің шашын жұлған екен. Сәлден соң төбелеске олардың туыстары да қосылып кетіпті.
Осылайша, жаппай төбелеске сегіз адам қатысқан. Олардың бесеуі кәмелеттік жасқа толмағандар болып шығыпты.
https://www.youtube.com/watch?v=tlqKokauoKc#action=share