jasqazaq.kz

Сексендегі кейуананың денесін балталап суға ағызып жіберген

27 тамыз 2019, 20:33

Сексендегі кейуананың денесін балталап суға ағызып жіберген Тараздағы каналдан кейуананың бөлшектелген денесі табылды. Қаскөй қылмысын жасыру үшін 80 жастағы зейнеткердің мәйітін балталап суға ағызып жіберген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оның арықта жатқан дене мүшелерін көршілері тауып алып полицейлерге хабар береді. Көп ұзамай, 57 жастағы күдікті ұсталды. Полицейлердің айтуынша, ол – зейнеткердің қайтыс болған баласының досы. Ұлының көзі кеткен соң қартқа қамқоршы ретінде екі жылдан бері үйінде тұрып жатқан. Сезікті үй иесі үйден қуа берген соң осындай қадамға бардым деп түсіндірген. Айта кетейік, күдікті бұған дейін де адам өлтіргені үшін сотталып шығыпты. Енді ол тағы 15 жылға түрмеге жөнелтілуі мүмкін.

Мақсат Ережепов, Жамбыл облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы:

— Спирттік ішімдік ішіп отырып жанжалдасып, азаматшаға қол жұмсап қаза келтіргенін анықтап отырмыз. Содан кейін мәйіттен құтылу үшін көшедегі каналға тастаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық