jasqazaq.kz

Сейфуллин Жолбарыс шу болған видеоға қатысты түсінік берді

08 шiлде 2020, 12:57

Әнші Сейфуллин Жолбарыс Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында әлеуметтік желіде тараған шулы видеоның қашан түсірілгенін және осы жағдайға байланысты не ойлайтынын айтып берді.

«Бұл жағдай жақында болды. Карантиннің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Мен ұрсып жатқан кезде сол жердегі бір кісі түсіріп алып, желіге салып жіберіпті. Сол арқылы тарап кетті. Ол видеоны көрмеген адам қалмаған шығар», — дейді әнші күліп.

Айтуынша, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын жарияламаған.

«Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін видеодан алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айғайға көштім, — дейді ол.

Алайда екі жақ жанжалға не себеп болғанын айтпауға өзара келіскен.

«Көп адам хабарласып жатыр. Оның ішінде өнердегі аға-апаларым да бар. Бәрі түсініп, өмірде мұндай жағдайлар болатынын айтты. Мен де түсініп тұрмын. Бір нәрсені бүлдірдім деп айта алмаймын. Адамды ренжіткенімді, заңды бұзғанымды білемін және соған заң жүзінде жауап беріп жатырмын», — деді Жолбарыс.
Әншінің айтуынша, іс сотқа жолданған. Алайда соттың шешімі әлі шыққан жоқ.

«Іс сотқа барды. Сот өз шешімін айтады, әкімшілік айыппұл салуы да мүмкін. Себебі ұрып-соққан жоқпын, жай ғана сөз. Біздің заманымызда сөз үшін бір-бірімізді кешірдік деп қоя салатын едік, қазіргі заманда осындай болып кетті. Сол себепті байқап жүріңіздер», — деді Сейфуллин Жолбарыс сұхбат барысында.

Сондай-ақ, әнші өзімен жанжалдасып қалған екінші тараптың өте қарапайым адамдар екенін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде