jasqazaq.kz

Сейфуллин Жолбарыс дүкенде шу шығарды (видео)

07 шiлде 2020, 11:47

Желіде белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың азық-түлік дүкенінде жанжалдасып жатқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті. Өнер иесі сатушыға боқтық сөздер айтып, онымен төбелеспек болған. Эстрада жұлдызы дүкен қызметкері өзін танымай қалғанына қатты ашуланған.

Жолбарыс Сейфуллиннің шу шығарған видеосы Instagram желісіндегі juldyzdy_janalyk парақшасында жарияланған. Онда әншінің сатушының қыр-соңынан қалмай, оны сыртқа шақырғанын көруге болады. Ол әңгімені барынша аяқтауға тырысқан жас жігітті балағаттап, мәселені «еркекше» шешпек болған. Алайда, екі азаматтың жанжалдасып қалуына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Әнші сатушы өзін танымайтынын айтқанда одан бетер ашулана кетті. Ол өзге тұтынушылардың көзінше былапыт сөздерді айтуды жалғастыра берген. Аталмыш видеоны көрген желі қолданушылары эстрада жұлдызының ішімдікке «тойып» алғанын болжады. Олар Жолбарыс Сейфуллиннің әрекетін қатаң сынға алып, оған қатысты бар ойын айтты. «Шегірткенің айғыры екен» , «Мынау ұят екен, ішіп алған ғой» , «Алқаш болады» , «Өте ұялып тұрмын», «Кішкене ұйықтап алып, кешірім сұрайын деп жүрген жігіт қой» , «Осы істегенімен керемет болдым деп тұрған шығар. Сейфуллин болсаң өзіңе, айқайды салып, әлімжеттік жасайтын жөнің жоқ. Өстіп өздеріңнің қандай адам екендерің, мәдениеттен жұрдай екендерің көрініп тұр. Масқара, ішудің де» , «Сөзім жоқ, мазасыз әрі мәдениетсіз адам екен» , — деп жазуда көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЖҰЛДЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ (@juldyzdy_janalyk)

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде