jasqazaq.kz

Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаеваның үйін тартып алған ба?

24 сәуiр 2019, 15:33

Бақыт Шадаева мен Сейфуллин Жолбарысты араздастырған пәтер мәселесі талқыланды. Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Былтыр Бақыт Шадаева Сейфуллин Жолбарыс үйімді тартып алды деп айыптаған еді. Бұл дау қызу талқыға түскенімен, сазгерден жауап болмаған. Әріптестерді араздастырған баспана мәселесі әлі күнге дейін шешілмепті. Бұл жайында Бақыт Шадаева пікір білдіріп, әркімнің өз ісіне жауап беруін талап етті.

«Жоқ шешілмеді. Шешілмей ме деп қорқамын. Әркім өзінің ісіне жауап берсін. Мен жауап күтемін, бірақ Сейфуллин Жолбарыстан жауап болмайды деп ойлаймын», — деді әнші.

Осы уақытқа дейін жұмған аузын ашпаған композитор Шадаеваның сөзі шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Өнер иелерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынас 2000 жылдары өрбіп, Жолбарыс әншінің альбомын жазғандағы ақысы есебінде үйін алатын болып келіскен. Даулы пәтерді баяғыда ауыстырып, басқа үйге көшіп кеткен композитор Шадаева ханым жалған айтты деп айыптайды.

«Ешқандай үйге талас болған жоқ. Кезінде Бақыт Шадаевамен бір альбом жазғанда жұмыс істегенмін. Оның өзімен емес, продюсерімен келіскенбіз. Студиядағы жұмыс, аранжировка барлығы үшін ақша емес, үй береміз деп шешті. Одан кейін қанша пәтер алып, қанша үй ауыстырдым. Ол 2000 жылдардағы пәтерлер емес пе? Қазір мен тұрмақ, балаларымның үйі бар. Бәлкім бұл пиар жасаудың бір түрі шығар», — деп шорт кесті Сейфуллин Жолбарыс.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда