jasqazaq.kz

Сейфуллин даңғылында түнгі көбеліктердің 11 орны табылды (видео)

04 қыркүйек 2020, 16:49

Сейфуллин даңғылы бойындағы үйлердің тұрғындарымен өткен жиында Түрксіб ауданының тәртіп сақшылары “қызыл шамдар” көшесін жеңіл жүрісті қыздардан тазарту бойынша қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы мәлімдеді.

– Біздің бөлімшенің жергілікті полиция бөлімінің, сондай-ақ қалалық криминалдық полицияның ресурстары жезөкшелікпен айналысатын адамдарды және оларға осы кәсіпті жүзеге асыру үшін үйін беретіндерді анықтау бойынша күнделікті жұмыс істейді. Арнайы рейдтік іс-шаралар күндіз де, түнде де жүргізіледі. Аталған кешенді шаралар даңғылда заңдылық пен тәртіпті және жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына тыныштықты қалпына келтіруге мүмкіндік берді, олардан бұрын осы санаттағы азаматтар мен олардың клиенттеріне қатысты наразылықтар болған. Қазір бұл саладағы жағдай жақсарды, – деді Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері Сейфуллин даңғылында 128 жергілікті іс-шара жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 1 мың 125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында жезөкшелерді ұстайтын 11 жезөкшелер қожайыны бар, оларға 1 миллион 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Екі жағдайда жезөкшелер жол бойындағы қонақүйлерге, тоғызында тұрғын үйлерге орналастырылды. Азаматтардың мазасын алғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына сәйкес 191 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. – Мен Түрксіб ауданында тудым және әлі күнге дейін осында тұрамын. Егер бұрын не болғанын және қазір қалай болғандығын салыстыратын болсақ – бұл аспан мен жердей. Қазір тыныш. Біз жеңіл жүрісті қыздарды көрмейміз. Бұрын жалға алушылар үйіліп тұратын, маскүнемдер азайған. Жағдай жақсы жаққа өзгерді. Түрксіб аудандық полициясына алғысымызды білдіреміз, – деді жиынға қатысқан жергілікті тұрғын.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия