jasqazaq.kz

Сейфтен 10 миллион теңге ұрлап кеткен

25 қараша 2020, 16:42


Павлодарлық полицейлер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады.  25 қыркүйекте ер адам Павлодар облысының полицейлеріне белгісіз біреулердің автокөлігінің терезесін сындырып, он миллион теңге ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.
Жәбірленуші Қарағанды қаласында тұрады және жүк көлігімен Қарағанды – Семей қалалары арасында жүк тасымалдаумен айналысады. Ол бір күн бұрын туысымен бірге Семей қаласына тоғыз тонна көкөніс пен жеміс-жидек алып келіп, онда тауарды базарға түсіріп, әкелген тауары үшін қомақты ақша алған.

Ер адам ақшаны қағаз конверттерге салып, машинаның орындығының астында орналасқан темір сейфке салған.

Сейф құлыпталатын және көліктің орындығына дәнекерленген болған. Жолда ер адамдар Павлодар қаласына тамақ ішу үшін тоқтаған, бірақ 30 минуттан кейін асханадан шыққан ер адам көлігінің терезесі сындырылғанын, ал жүргізуші отыратын орындық пен оған дәнекерленген сейфтің мүлдем жоқ екенін көрген.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында павлодарлық жедел уәкілдер он миллион теңге ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Олар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотталған.

Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен қаскүнемдердің жәбірленушілердің ізіне Семей қаласындағы базарлардың бірінде түскенін анықтады. Кәсіпкерлердің қомақты ақшасының бар екенін байқаған олар қылмыстық жоспар құрып, оны Павлодарда жүзеге асырған.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия