
Еркебұлан Сейдахметтің Инстаграмдағы қоштасуына байланысты «Уфа» Бас директоры Шамиль Газизов «СЭ» басылымына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Журналистер «қазақтың Мессиі» деп атап кеткен 19 жастағы футболшы «Уфаға» 2018 жылдың ақпанында «Тараздан» келген. 2018/19 футбол маусымында Сейдахмет «Уфаның» негізгі командасында екі ойын өткізді: бір матчты Ресей чемпионатында, екіншісін — Ресей Кубогында ойнап, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді.
— Сейдахметтің «Уфадан» кетуі әбден мүмкін, — деді Газизов. — Ол туралы ертең хабарлауға тырысамыз. Бәрі ойдағыдай аяқталса, ол басқа клубқа ауысады.
— Бұл толыққанды трансфер бола ма?
— Жоқ. Аренда болады деп ойлаймын.
— Қазақстанға бара ма?
— Неге тек Қазақстан? Сейдахметке басқа елдердің клубтары да қызығып отыр.