jasqazaq.kz

Сегіз жыл бұрын ұрланған көлік үшін салық төлеуге мәжбүр

17 қараша 2018, 13:32

Қарағанды тұрғыны сегіз жыл бұрын ұрлап кеткен көлігі үшін салық төлеуден бас тартуда. Алайда салық органдары азаматқа салық қарызын есіне салады, тіпті шотынан 70 мыңға жуық теңгені шешіп алған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «5 канал Караганда» телеарнасына сілтеме беріп.

Вячеслав Шипицын бұрын соңды Мерседес маркалы автокөліктің иесі болған, бірақ екі жылдан кейін, 2010 жылы оның көлігін ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері тұрғынға көлікті тіркеуден алмауына кеңес беріп, мүмкін табылып қалар деп сендірген. Бұған сенген Вясечлавқа іздеу барысы кезеңінде көлікке салық салынбайды деп мәлімдеген. Дегенмен, ұрланған көлік үшін салық салынған көрінеді.

Вячеславтың айтуынша, оны сотқа беріп, тіпті сот алдында оны үлкен көлемде салық төлемеген азамат ретінде таныстарған екен.

«Мен мемлекеттен көмек сұрадым, көлігімді ұрлап кетті деп. Соңында өзім мемлекет алдында ұрланған көлігім үшін салық төлемегенім үшін кінәлі болып шықтым», – дейді ол.

Көлігін тіркеуден 2014 жылы алған тұрғынның төрт жылдағы салық көлемі 114 мың теңгеге жеткен. Биыл зейнетке шыққан Вячеславтың шотынан ешқандай ескертусіз сот орындаушылары айына 20-30 мың теңгеден шешіп алады. Және мұндай жағдайды Қарағанды қаласында көптеп кездестіруге болатынын айтады.

Вячеслав соттың шешім бойынша қанша арыз жазса да, салық органдары оған ақшасын қайтарудан бас тартқан. Ал себебін мерзімі өтіп кеткен деп түсіндіруде.

Облыстық мемлекеттік кіріс департаменті өкілінің айтуынша, көлікті ескі заң жүзеге асқан кезеңде ұрлағандықтан, жаңа заңның Шипицынға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ал полиция қызметкерлерінің түсініктемесі бойынша ұрланған көлікті тапқан жағдайда оны қайта тіркеуге болатындығын айтуда.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді