
Ресейдің тергеу комитеті Забайкальеде болған қанды қырғынның нақты себебін әлі анықтаған жоқ. Қорғаныс министрлігі 8 қаруласын қырып салған жауынгердің жүйке жүйесі сыр беруі мүмкін деген болжам айтты.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Тергеушілер Рамиль Шамсутдиновтың әскердегі әлімжеттікке ызаланып адам өлтіруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Осыдан үш күн бұрын Забайкальедегі әскери бөлімде қатардағы жауынгер алты қаруласы мен екі офицерді атып тастаған. Тағы екі жауынгер қазір ауруханада жатыр. Басты күдікті ретінде төрт ай бұрын әскерге алынған Рамиль Шамсутдинов қамауға алынды. Ол жауынгерлерді жайратып салып, қашып кетпек болған кезде ұсталған екен.
Қазір қамуада отырған жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оның мұндай жауыздыққа не үшін барғанын анықтауға түрлі сараптама тағайындап, сарбаздың психологиялық ауытқуы бар-жоғын анықтап жатыр.