jasqazaq.kz

Сегіз сарбазды атып өлтірді

27 қазан 2019, 11:58

Ресейде Забайкаль өлкесіндегі Улетов ауданында, әскердегі сарбаз күзеттегі ауысым кезінде өзімен бірге борышын өтеп жүрген сарбаздарға оқ жаудырған. Күдіктіні ұстау үшін барлық құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Ресей қорғаныс министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, атыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 7-де № 54160 әскери бөлімінде (бұдан әрі — ӘБ) қарауылды ауыстыру кезінде болған.

Қылмыс жасағаннан кейін автоматпен қаруланған әскери қызметкер қалаға қашып кеткен. Оны ұстау үшін барлық құқық қорғау органдары тартылып, толық көлемде арнайы операция ұйымдастырылды.

Барлық балалар эвакуацияланып, оқушылар үйіне жіберілген. Атысу дыбыстары күллі қалаға естіліпті.

Абырой болғанда, ӘБ қызметкерлері қашқынды біраз уақыттан кейін өздері ұстап алды.

Сарбаз 8 адамды атып өлтірген. Тағы екеуі ауруханаға түсті, олардың жағдайы ауыр деп бағалануда.

Жараланғандардың бірі әскери тергеуге куәгер ретінде оқиғаны баяндап жатыр.

«Мергеннің» жекебасы да расталды: ол 20 жастағы Рамиль Шамсутдинов екен. ӘБ дереккөзі жауап алу кезінде сарбаздың жасаған ісіне өкінбейтінін мәлімдеді.

Ол әріптестерін еденде жатқан жерінде атып тастағаны туралы мәлімет бар.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

Мәлімдемеге сәйкес, қайғылы оқиғаға Шамсутдиновтің жүйке ауруы себеп болған, ол жеке жағдайға байланысты және әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ.

Алайда, әскери бөлімшедегі дереккөздің айтуынша, бұл жайтқа Шамсутдинов пен әріптестері арасындағы келіспеушіліктер себеп болған.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде