jasqazaq.kz

Сегіз ай көлемінде – сегіз мың жол апаты.

15 қазан 2021, 17:56

Бәріне ортақ журналистика

Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Солардың бірі – Захра Маханова. Назарларыңызға қатысушымыздың ақпаратын ұсынып отырмыз.

Елімізде сегіз айда сегіз мыңнан астам жол апаты тіркелді. Республикамызда статистика бойынша 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларында жалпы саны 577 478 жеңіл автомобиль тіркелген. Осы уақыт аралығында 8 307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 12 205 адам зардап шекті. Бұл – жол үстінде биыл ғана тіркелген қасіретті сандар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда да, апат санының кемімеуінің басты себебі неде? Жол қауіпсіздігіне әсер ететін ең басты үш фактор бар. Олар:  жүргізушілердің мәдениеті; жол инфрақұрылымының сапасы; жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі. Бүгінгі таңда осы үш мәселе өткірлігін де, өзектілігін де жоймай келеді.

Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттық жағдай 10,2%-ға көбейді. Жол қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін маңызды жайттарды да назардан тыс қалдырмау керек. мәселен, жолдардың сапасы, көшелерді кеңейту, асфальтын жаңалау мәселелеріне де көңіл бөлу керек.

Осы жылдың межелі уақытында тіркелген жеңіл автомобиль (577 478) санын 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп. Республикамызда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3842,7 мыңды құрады.

Автокөліктердің басым көпшілігі Алматы өңіріне тиесілі екені анықталды. Алматы облысы мен қаласын қоса есептегенде жеңілкөліктер саны миллионға таяған. Сатып алушылардың үштен бірі 5 млн теңгеден қымбат емес көліктерді таңдаған. Қолжетімділігі жоғары модельдердің рейтингінде отандық автокөліктер өтімді болғанына көз жеткізуге болады.

Захра  Маханова

 

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия