jasqazaq.kz

Себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады

27 наурыз 2020, 17:40

#үйдеотыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасындағы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеу ережелерін бұзғандар қалай жазаланатынын айтты.

«Қоғамдық көлік жұмысы бойынша қазір әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай, қоғамдық көлікке қосымша жүктеме түсіп, қозғалыс шектелуі мүмкін», — деді Абаев тікелей эфирде.

Қала тұрғындарына үй жануарларымен аулада серуендей алады.

«Азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды», — деді министр.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауап көзделгені айтылды.

Министр бүгін түнгі 00-ден бастап көшеде жүруге тыйым салынғанын атап өтті. Ал жұмысқа шыққаныңды растау үшін тікелей басшының не кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болғаны жөн.

09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде