jasqazaq.kz

Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

01 наурыз 2022, 14:20

Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды.

Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.

«Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты», — дейді Гүлбаршын Байжігітова.

Оның айтуынша, әнші Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апатына түскен. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.

«Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рахмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын», — дейді әншінің әйелі.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде