
Әлеуметтік желіде әнші Саят Медеуов «жол апатынан қаза тапты» деген ақпарат тарады. Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітова бұл жалған ақпарат екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, әншінің қазіргі жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен шықты.
«Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Палатаға шығарды. Өзім қасындамын. Бәрі жақсы. Үйге қашан шығаратыны әзірге белгісіз. Қазір ауруханада», — деді әнішінің әйелі.
Саят Медеуовтің жағдайын әнші Ақбота Керімбекова да біліп қайтқан. Керімбекова палатадан видео түсіріп, желідегі парақшасына салды. Видеода Саят Медеуов уайымдап, тілек білдіріп жатқан барша қазақстандыққа алғыс айтты.