jasqazaq.kz

Саят Медеуов жансақтау бөліміне түсті

28 ақпан 2022, 10:43

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай суыт хабарды әншінің әріптестері әлеуметтік желіде жазып жатыр. Ақбота Керімбекова да оқырманынан Саят Медеуов үшін дұға етуді сұрапты.

Ақбота Керімбекова:

Cаят ұлдарыңыз жол апатына түсіп, ауыр жарақаттанып, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз. Алладан амандығын тілеп қойыңызшы, ағайын!

Композитор Рүстем Арсланов та Саят Медеуовтың денсаулығына тілектес болып, «Ағамыз аман-есен сауығып кетсін» деп жазды.

Әзірше жол апаты қайда және қашан болғаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Саят Медеуов 4 наурыз күні болатын «Жан ана» концертіне қатысатын еді. Бұл туралы әншінің өзі де хабарлап, тыңдарманды Әйелдердің халықаралық күнінде болатын кешке шақырған еді. Сонымен қатар ақпан айында әншінің орындауында жаңа «Қара күз» деп аталатын әні жарыққа шықты.

Еске сала кетейік, Саят Медеуов 2017 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат депутаты болып сайланған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде