
Жуырда қытай зерттеушілері АҚШ-тың ковидке қарсы күресі туралы баяндама жариялады. 23 мың иероглифтен тұратын құжатты Қытай халық университеті жанындағы «Чуньян» қаржылық зерттеу институты, «Тайхэ» және «Хайту» зерттеу орталықтары бірлесіп дайындаған. Баяндама бұған дейін Bloomberg агенттігі құрған COVID-19-ға қарсы кұрес рейтингін жоққа шығарады. Ол рейтингте АҚШ бірінші орында тұр.
Зерттеушілер АҚШ-та эпидемияның «төртінші толқыны» басталғанын хабарлайды. Сарапшылардың пікірінше, мұнда эпидемиялық жағдай саяси сипат алғандықтан, вирустың таралуы тоқтамайды, өлім-жітім көбейе түседі. Бұл елдің эпидемияға ойдағыдай төтеп бере алмауының нақты себебі – «вирустың таралуын бақылау мен оның шығу себебін анықтау ғылымға емес, саяси мүддеге негізделгендіктен» деп түсіндіреді баяндама авторлары.
Сондай-ақ құжатта АҚШ-та коронавирустың жаңа түрінің ертерек басталғанына қатысты жағдайды анықтау қажеттігі айтылған. Атап айтқанда, бұл елде 2019 жылдың екінші жартысында өкпе ауруының белгісіз түрінің кенет таралуының COVID-19-ға қатысы бар ма?- деген сауалға жауап іздеу керек. Баяндама авторлары Форт-Детрик пен әлемдегі өзге де 200 американдық биозертханаларда зерттеу жүргізуге шақырады. Сарапшылардың ойынша, америкалық саясаткерлер тиісті зерттеуге барынша кедергі келтіруге тырысатын көрінеді.
Пандемия кезінде АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің тағы да «ақша станогын» іске қосуы инфляцияға әкеп соққаны атап көрсетілген. Америка осы әрекетімен онсыз да ковидтен зардап шегіп отырған әлемдегі түрлі елдердің экономикалық қысымға ұшырауына мәжбүр етті. Бұл тіпті кейбір өңіолерде саяси шиеленіс мен текетіреске әкеп соқтырды.
АҚШ-тың өзінде эпидемия бай мен кедей арасындағы алшақтықты одан сайын ұлғайтып, адамдарды нәсіліне қарай алалауды өршітті. Әсіресе, түп-тегі азиялық америкалықтарға қатысты жеккөру сезімі күшейді. 2021 жылдың наурыз айында ғана азиялық американдықтарды алалаумен байланысты туындаған істің саны артты.
Баяндамада эпидемияға қарсы бүкіләлемдік күресте АҚШ-тың әдейі аяқтан шалып отырғаны айтылған. Мәселен, АҚШ президенті Жозеф
Байден коронавирустың шығу тегін табу үшін арнайы қызметтің жаңа түрін іске қосты. Бұл пандемияға қарсы күресті одан сайын саясиландырып жіберді. АҚШ-тың COVID-19-ға қарсы екпе экспорты елде өндірілетін вакцинаның 1 пайызынан да аз. Пандемия басталғанда вакцина бойынша ғаламдық ынтымақтастықты қолдай қоймаған АҚШ тиісті халықаралық механизмдерден шығуға дайын екенін де мәлімдеген еді.
Баяндама авторларының пікірінше, коронавируспен салыстырғанда, АҚШ-тағы «саяси вирус» анағұрлым қауіпті.
russian.cri.cn