jasqazaq.kz

Саябақтағы орындықты бұзып, үйіне алып кеткен

22 желтоқсан 2020, 16:43

Алматыда ер адам үйін жылыту үшін саябақтағы орындықтың ағаштарын бөлшектеп, алып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Facebook қолданушыларының бірінің жазуынша, оқиға Алатау ауданының Қарасу шағын ауданында болған. Жас жігіт жаңадан салынып жатқан саябақтағы орындықты бөлшектеп, үйіне алып кеткен. «Біздің қоғамда не болып жатыр? Үш жылдан бері Қарасу тұрғындары көлді тазалап, саябақ салдыруға барын салды. Не үшін? Бір адам пешіне от жағуға бір түнде орындықты бөлшектеп алып кету үшін бе?», — деп жазған пост авторы құқық бұзушымен әңгіме барысынан видеоны қоса жариялаған. Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады. «Күдікті ұсталды. Ол 1992 жылы туған У. есімді жергілікті тұрғын. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия