jasqazaq.kz

Саябақтағы кептерлердің қырылуы: министрліктің жауабы

26 наурыз 2020, 16:21

Алматы саябағында қырылған кептерлер уланған болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Кептерлердің жаппай өлімін қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Оқиға 28 панфиловшылар паркінде болған. «Бүгін, яғни 26 наурызда Алматыдағы 28 Панфиловшылар паркінде кептерлердің қырылуына байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің облыстық инспекциясы мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау мен қадағалау территориалдық инспекциясы қызметкерлері, қалалық ветеринарлық қызмет, қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасы, Зоология және абаттандыру Институты мамандарынан арнайы комиссия құрды», — деді Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында. Комиссияның жүргізген сараптамасына кептерлер өлген жерде мұның алдында аумағы 100 шаршы метр мұз айдыны болған. Сол жерде барлығы 30 кептер өлген. «Құстар уланған болуы мүмкін. Комиссия мүшелері кептерлердің денесін зертханалық зерттеу жүргізу үшін алды. Құстардың өліміне не ықпал еткені зерттеулерден соң белгілі болады», — деді С.Ділдахмет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде