jasqazaq.kz

Саябаққа сән кірді

25 тамыз 2022, 18:48

Шымқаладағы көрікті демалыс орындарының бірі-«А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы». Тұрғындар мен қонақтар осы саябақта серуендеп, демалуды әдетке айналдырған. Сол себепті де саябақ тазалығы басты назарда.

Осыған орай саябақ аумағында «Build Stroi» және «Жасыл жер» ЖШС қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді. Жасыл желектер суғарылып, толық тазалау жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде адамдардың жүрісіне қауіп төндіріп тұрған талдар кесіліп, бұталанды. Оған 400- ден астам жұмыс күші және 20 техника жұмылдырылды. Бұл әрине, бір күндік жұмыс емес, тазалық жұмыстары кестеге сай ұдайы жүргізіліп тұрады.

Жалпы дендросаябақ- жергілікті маңызы бар, ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оны күтіп-баптау тек тазалық жұмыстарын жүргізетін белгілі бір мекеменің ғана міндеті емес. Сондай-ақ, тазалықты сақтау әрбір саябаққа келіп, демалушының да міндеті. Өйткені, қоршаған ортаның тазалығы адам өміріне әсер етеді.

Айта кетсек, Қазақстанда ең алғаш салынған дендросаябақ Шымкент қаласында орналасқан. Әуелде бұл аймақ қоқыс тастайтын орын болған. Белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы саябақ бой көтерген. 2019 жылы саябақтың 40 жылдығына орай Асанбай Асқаровтың есімі берілді.

Бүгінде дендросаябақта 100 мыңнан астам ағаш-бұтаның 406 түрі өсіп тұр. Оның ішінде, Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөрі қарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты 7 түрлі ағаш бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген.

Саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га. аумақты құрайды. Онда қазір 23 түрлі 11 392 дана көшет өсірілуде. Тұқымбақтың өзі екіге бөлінген. Негізгі тұқымбақта 2 638 қылқан жапырақты, 3 382 жәй жапырақты және 599 дана өзге көшет түрлері өсіп тұр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр