jasqazaq.kz

Сауытбек Әбдірахманов: Асықпаған жақсы, кешікпеген одан да жақсы

11 қыркүйек 2017, 12:22


Латын алфавитіне көшуде кешікпегеніміз дұрыс. Бұл жөнінде бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдауда Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды, jasqazaq.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты өз сөзінде латын әліпбиіне көшу жайлы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған жылдардан бастап айтылып келе жатқандығын және біздің тіл мамандары мен сарапшылардың бұл мәселе жайлы көптеген талқылаулар мен пікірлер айтқандығын атап өтті. Сондықтан да бұл әбден қоғам талқылауынан өтіп, піскен мәселе екендігіне тоқталды. «Асықпаған жақсы, кешікпеген одан да жақсы» – деді С.Әбдірахманов.
Сонымен қатар депутат бұл жұмысты дұрыс атқарып шығу үшін табандылықпен еңбек ету қажет екендігін ерекше атап өтті.
«Жаңа әліпбиді жасау кезінде халқымыздың, өзге елдердің сан ғасырлық жазба тарихы зерделенгені, оған латын жазуының классикалық үлгісі басшылыққа алынғаны жан-жақты түсіндірілуі, бұл таңдаудың ең оңтайлы, ең дұрыс таңдау екенін дау туғызбастай дәлелдеу өте қажетті. Біздің алдымызда талай жылдарға созылатын, жүйелі, табанды түрде жүргізуді қажет ететін қиын жұмыс тұр. Бойымызда бар енжарлықтан, еріншектіктен арыла білсек, ертеңімізді ойлайтын ел екенімізді дәлелдегіміз келсе, елдігімізді еңселендіргіміз келсе бұл іске тәуекеліміз тұруға тиіс. Алфавит ауыстыру алдағы онжылдықтарға ғана емес, ғасырларға есептелген ірі іс, шын мәнінде тарихи шешім», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Бейбіт Тоқтарбай,
Астана

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде