jasqazaq.kz

Саунада демалған прокурор қызметтен босатылды

20 мамыр 2020, 18:05

ТЖ режимі кезенді әріптестері және судьялармен саунада демалған Алматы облысында Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан шығарылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер растады.

«Ол жұмыстан шығарылды», — деп мәлімдеді ведомстводағылар.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов роликке түсіп қалған Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Д. Сейітовтің уәкілеттігін тоқтатқан болатын.

Еске салайық, саунада түсірілген видео желіде мамыр айының басында тарады. Оның авторы саунаның ішін түсіріп, Алматы облысы аудандық сотының судясы және аудандық прокурор демалып жатқанын айтады.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер түсірілген видеоға қатысты түсінік беріп, «оны Б. есімді ер адам түсіргені белгілі және оның сот жүйесіне еш қатысы жоқ» деп мәлімдеген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде