jasqazaq.kz

Сәуле Қасенова: Сапалы маман даярлау – басты назарда

28 тамыз 2020, 11:58

     Коронавирус адам жанын арашалап қалатын дәрігер мамандығының маңызын көрсетті. Оған қойылатын талапты да күшейтті. Бұл ретте дәрігерге өз білімі мен біліктілігін жетілдіру — көкейкесті міндет.  Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар  ғылыми-зерттеу институты — дәрігерлікті таңдаған жас маманның әрмен қарай дамуына, тәжірибесін шыңдауына мүмкіндік беретін орын. Мұнда дәрігерлердің білімін жетілдіругежан-жақты жағдай жасалған.Бізге осы білім орталығы туралы институттағы жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова әңгімелеп берді.

 

Jas qazaq: Сәуле Лайыққызы, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да денсаулық сақтау саласының  мамандары тәжірибеден өтеді. Институт білім беру мен біліктілікті арттыруда қандай халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейді?

С.Қасенова: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның білім беру қызметі дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түрінде жүргізіледі. КІА ҒЗИ резидентура арқылы ішкі аурулар саласындағы практикалық денсаулық сақтау кадрларын даярлауға арналған клиникалық база болып табылады. Мақсатымыз – сапалы маман даярлау. Функционалдық диагностика, кардиология, ішкі аурулар, эндоскопия,  гастроэнтерология және гепатология курсы кафедраларының оқу процесін Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті үйлестіреді. Кафедраларды профессор Александр Нерсесов, профессор  Тайыр Нұрпейісов, профессор Венера Исраилова, доценттер Айсұлу Мұсағалиева және Лаура Даниярова секілді белгілі ғалымдар басқарады. Ондаған жылдар бойы институтта дәрігер кадрларының (әрі ғалым, әрі дәрігер, оқытушы) еңбегі тиімді пайдаланылады, яғни «ғылым, клиника, білім беру» үшбірлігінің үлгісі жүзеге асырылады және дүниежүзілік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың ең үздік стандартына мейлінше жақын болып табылады.

Jas qazaq: Қазір медицина қарқынды дамып, медициналық құрылғылар ұдайы жаңарып отырады. Институттың материалдық базасы жаңа құрылғылармен қаншалықты жабдықталған?

С.Қасенова: Институт заманауи оқу құрал-жабдықтарымен (муляждар, жаттығу құрылғылары, компьютерлік сынып, мультимедиалық проектрлар мен интерактивті тақталары бар дәріс оқу залы, конференц залдары) жарақталған. Практикалық дағдыларды меңгеру үшін 3 симуляция орталығы: жүрек-өкпе реанимациясы, интервенциялық кардиология және аритмология, сондай-ақ гибридтік зертхана құрылды.

Jas qazaq: Бүгінгі жастардың медицина саласының мамандығын таңдауға деген сұранысы қандай?

С.Қасенова: Қазіргі заманғы жастар дәрігер мамандығын саналы түрде таңдайды. Олар осы саладағы ең үздік мамандардан  білім алғысы келеді.

Резиденттерге қатысты айтатын болсақ, егер 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бітірушілер саны 73 резидент  болса, 2020 жылдың шілде айында 81 дәрігер резидентураны бітіріп, білім алды. Бұл бейінді мамандар:  кардиологтар, эндокринологтар,  гастроэнтерологтар, аллергологтар, нефрологтар мен анестезиолог-реаниматологтар. Еліміздің барлық өңірлеріндегі медицина ұйымдары осындай мамандарға мұқтаж. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті 2020 жылы еліміздің мемлекеттік медицина ұйымдарында резиденттердің орналастырылуын 100 пайызға қамтамасыз етті. Бұл еліміздің стационарлары мен медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдарының қаншалықты бізде білім алатын резиденттерге мұқтаж екендігін дәлелдейді.

Jas qazaq: Жас маманның шетелдік медициналық орындарында тәжірибеден өтуі қарастырылған ба?

С.Қасенова: 2019 жылдың тамыз айынан бастап институттың қызметкерлері Кризистерді зерттеу орталығы (Литва, Каунас қаласы) бекіткен гибридтік зертханаларда білім алады және практикалық дағдыларын шыңдайды. Сондай-ақ Новосибирск қаласындағы  Е.Мешалкин атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығының базасында біліктілігін арттырудан өтті.

Жас мамандар мен резидент дәрігерлер үшін білім алу циклдары шеңберінде 2019-2020 жылдың 1 тоқсанында Германия, Австрия, Ресей, Литва елдеріндегі әріптестермен бірлесіп, бірнеше шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Jas qazaq: Коронавирус кеселі білікті әрі тәжірибелі медицина мамандарына сұраныс жоғары екенін көрсетті. Маман ретінде айтыңызшы, медициналық білімді жаңғырту бағытында әлі де не істеуіміз керек?

С.Қасенова: Әлбетте, коронавирус кеселі денсаулық сақтау жүйесінде даму және жетілдіру жұмыстарын жалғастырудың  маңыздылығын көрсетті. Бұл әлемдік медициналық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл, басқа елдердің ғалымдары мен дәрігерлерімен тәжірибе алмасу, халыққа медициналық көмек көрсету саласында шешімдерді практикалық енгізу жолымен жүзеге асады.

 

Мақпал Ноғайбаева

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде