jasqazaq.kz

Сәуле Айтпаева: Ата-анасы ажырасқан жағдайда балаға таңдау беріледі

30 мамыр 2019, 15:13

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева ата-анасы ажырасқан жағдайда қандай балаларға таңдау құқығы берілетінін атады.

Омбудсменнің айтуынша, балалар құқығына қатысты заңнамаларға 2019 жылдың 1-сәуірінен бастап бірқатар өзгерістер енген. Ол өзгерістер ажырасу процестерін де қамтиды. «Бұған дейін ақылы жетілген балалардың ата-анасы ажырасқан жағдайда кіммен тұратынын өзі шешу керектігі туралы көп айтылды. Сол ұсынысты жан-жақты зерделей келе заңға өзгеріс енгіздік. Жоғарғы соттың қаулысымен ата-аналар ажырасқан жағдайда 10 жасқа толған және 10 жастан асқан балалардан кіммен қалғысы келетіні туралы сұрау қажеттігі туралы шешім шығарылды», — деді ол. Айта кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде балалардың қауіпсіздігіне арналған баспасөз мәслихатында Сәуле Айтпаева кәсіпкерлерге үндеу тастаған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда